Шахи Зинда – Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы Афрасияб тауының етегінде, төменнен жоғары жүргенде көтерілген баспалдақты жолдың екі жағында орын алған кесенелер топтамасына берілген атау. Бұл кесенелердің көбі 14-15 ғасырлардан қалған және Әмір Темірдің отбасынан болғандарға және жақындарына салынған. Бұлардан Қусам бин Аббастың (радиаллаһу анһ) кесенесі, Әмір Темір дәуірінен бұрын салынған. Самарқандқа Исламды әкелген сахабалардың бірі Қусам бин Аббас 672 жылы Құрбан айт күні шәһит болған. «Шәһиттер сендер білмейтін өмірде тірі» деген аятқа сүйеніп, бұл жер Шахи Зинда (тірі шах) деп аталған. Ұлықбектің салдырған, тау етегіндегі дарбазадан өткен кезде Шахи Зиндаға кірілген болады. Кіруімен қара көк, қою және ашық жасыл, қара, сары, ақ, қарақошқыл және көгілдір түсті фарфорлар шағылысып көзді алады. Бұл жерде екі мешіт және бір медресе бар. Шахи Зинда кесенелері жалпылама квадратты құрылымдардан тұрады және ең көз тартатын қасиеті – күмбездерінің өте биік және қауын пішінді болуы. Екінші бір қасиеті - Әмір Темір заманының ең бай әшекейлерінің жиынтығынан құралғаны. Әшекейдің көп бөлігі фарфордан жасалған. Жазулары барынша әшекейленген кесенелер тек сыртқы көркемдігімен ғана емес, фарфор қаптамаларымен сәулетшілік өнерінің өзара үйлесуі жағынан да ерекше әдемі көрініске ие.