Пирамидалар – ең қарапайым әдіспен адам қолымен жасалған таулар. Гиза қаласындағы пирамидалардың б.з.д. 3000 жылдарда салынғаны, Хеопс, Хефрен және Микерин есімді перғауындардың атымен аталатыны белгілі. Пирамидалар орналасқан Гиза аймағы құнарсыз, шөл дала болып табылады. Ол кезде ол жерде ел қоныстанбағандықтан, перғауындар жоғарырақта, Мемфис, Люксор және Карнак қалаларында тұратын болған. Ғалымдар, пирамидалардың соғылуы үшін 100 000 адамның 660 жыл жұмыс істеуі керек дейді. Спутниктік фотосуреттерге қарағанда, пирамидалардың жәй қарапайым ғимарат емес екені байқалады. Үлкен пирамидалардың бұрыштары Ніл дельтасын екі бірдей бөлікке бөліп тұр. Патша бөлмесіне жылына 2 рет қана күн түседі. (Туылған күні және таққа отырған күні). Бұдан бөлек, пирамидалар 3-4-5 пропорциясына (пифагор теориясына) сай етіп жасалған. Үлкен пирамида мен жердің центрі арасындағы қашықтық, Солтүстік полюс арасындағы қашықтықпен бірдей. Биіктігін миллиардқа көбейткенде күнге дейінгі ара-қашықтықты береді. Яғни ол кездегі адамдар астрономияны, жағрафияны жақсы білген. Сәулет өнерінде де маман болған, пирамиданың биіктігі 210 қабат. Тарихшы Гередоттың айтуы бойынша, құрылыс материалдарын жоғарыға шығару үшін 925 метрұзындықта, ені 19 метр болатын бір кран тәріздес сырық жасалған. Бұл сырықтың да соғылуы ең аз дегенде 10 жылға созылады. Хеопс пирамидасы ауырлықтары 60 тонна мен 3 тонна арасында болатын 2 300 000 дана блок тастан жасалған. Ені 227 метрболатын шаршы негізінде құрылған. Пирамиданың ортасында, жоғарыдан шамамен 100 метртөменде перғауын бөлмесі бар және тек төрт қабырға ғана. Хеопс пирамидасының тастары 3 метрбиіктігіндегі бір қабырға халіне келтірілсе, бұл қабырғамен бүкіл Францияны қоршауға болады екен. (Наполеон есептетіпті.) Пирамиданың 20 жылда біткені айтылуда. Ол үшін, Нілдің суы көтерілген маусымда, күніне 4000 блок тасылуы керек. 60 миллион тонна тастың тасымалдануы үшін 1000 қайық қажет. Қолмен тегістеліп, жылтыратылған 460 000 таспен қапталған. Бұлар ұқыпты орналастырылғаны соншалық, тіпті араларына темекінің қағазы да симайды екен. Пирамидаларға біреулер әуе жолдары үшін бір белгі деп, біреулер геологиялық тербелістермен резонансқа кіре алатын бір энергия орталығы деп, ал ендігі біреулер тарихқа бағыт беретін бір архив деп сенеді.
Гиза қаласындағы пирамидалар (сол жақтан: Микерин, Хефрен және Хеопс)
Мысырдағы ең үлкен Хеопс пирамидасы