1783 жыл. Европа стандарттарына қарағанда қарапайым болса да жаңадан құрылған теңізшіл мемлекет АҚШ, байрақ көтеріп теңіздерге шыға бастады...
25 шілде 1785 ж Атлант мұхитында Кадис жағалауларында, осы жаңа байрақпен жүрген алғашқы кеме Алжир жағалауларында Османдық кемелері тарапынан қолға түсірілді. Бұл кеме Бостон портына тәуелді Капитан Исаак Стивенстің басшылығындағы Мария кемесі еді. Оның артынан Филадельфия портына тәуелді Капитан О-Брейннің Дауфинінің де ақыры осылай аяқталды. 1793 ж қазан және қараша айларында АҚШ-тың 11 кемесі қолға түсті.
АҚШ конгрессі 27 наурыз 1794 ж Османдық теңіз күштеріне қарсы соғыс кемелерінің құрылысы немесе сатып алынуы үшін Президенті Джорж Вашингтонға 700 000 алтын шығындау өкілеттігін берді.
Османдықтардың тудырған теңіз үрейіне қарсы АҚШ-тың теңіз күштерінің негізі қаланып жатты. 5 қыркүйек 1795 ж АҚШ бұл үрейге қарсы бір келісімшарт жасауды қабыл етті. Бұл келісімшарт бойынша АҚШ Алжирдегі тұтқындардың құны ретінде және Атлант мұхитымен Ақтеңізде АҚШ байрағын алып жүрген ешбір кемеге тиіспеуі жөнінде бастапқыда 642 000 алтын және жылына 12 000 Османдық алтын (216 000 доллар) салық төлеп тұратын болды.
Түрік тілінде және 22 тараудан тұратын бұл келісімшартқа Президент Джорж Вашингтон және алжир әміршісі Хасан Дайы қол қойды. Осман сұлтаны АҚШ Президенті Джорж Вашингтонмен сөйлеспеген де. Келіссөзге Алжир әміршісін жіберген.
Осылай АҚШ жылдық салыққа байланған болды. Бұл АҚШ-тың екі ғасырдан өткен тарихындағы басқа тілде жасалған жалғыз келісімшарты және басқа елге салық төлеуді қабыл еткен жалғыз құжаты...