1500 жылдары Англиядағы кейбір жағдайлар:
» Адамдардың көбі маусым айында үйленетін. Өйткені жылына бір рет моншаға түсетін, ол да мамыр айында. Маусымда үстері әлі де қатты саси қоймайтын. Бірақ әйтседе иістене бастағаны үшін қалыңдықтар денелерінен шыққан иісті басу үшін қолдарында бір букет гүл ұстап жүретін.
» Мамыр айындағы түсетін моншалары ішіне ыстық су құйылған үлкен ағаш бочкадан тұратын. Үйдің еркегі таза суға шомылған, одан кейін балалары, кейін басқа еркектер, одан кейін әйелдер, басқа балалар және ең соңынан сәбилерді шомылдыратын. Барлығы бір сумен шомылған. Судың кірлеп кететіні соншалықты, ағылшындардағы “монша суымен бірге бөпелерді де төгіп жібермеңдер!” (Don’t throw the baby out with the bath water!) дейтін сөз тіркесі осыдан қалған.
» Тамақты үнемі оттың үстінде ілініп тұратын үлкен қазанда пісірген. Күнде от жағып қазанға бірнәрселер салып қайнататын. Көбіне көкөністермен қоректенетін, ет азшылық болған. Анда-санда етті сорпа істесе, қалғаны қазанда қалатын. Ертеңіне қайтадан ысытып ішетін. Кейде бұл сорпа ұзақ уақыт қазанда қалып қоятын. “Бұршақ ботқасы ыстық, бұршақ ботқасы суық, қазандағы бұршақ ботқасы тоғыз күндік” (Peas porridge hot, peas porridge cold, peas porridge in the pot nine days old) дейтін тіркестерінің шығу негізі осы.
» Кейде доңыз етін тапқанда қатты қуанатын. Үйге қонақ келгенде доңыз еттерін іліп көрсетіп қойған. Үйге доңыз етін алып келу байлықтың белгісі болып саналатын. Бұл еттен кішкене бөлігін бөліп қонақпен бөлісіп жейтін. Мұны “Май шайнау” (Chew the fat) деп атаған.
» Англияның жері кішкентай болғаны үшін кей жерлерде адам өлігін көметін жер таппай қалатын. Сондықтан ескі мазардларды ашып, табыттарын шығарып ішіндегі сүйектерін “cүйек үйі” деп аталатын жерге апарып, мазарды қайта қолданатын. Табыттарды ашқанда әр 25 табытта тырналған, қазылған іздер байқалған. Бұдан адамдардың тірідей көмілгендігі анықталды. Бұдан кейін мәйіттің қолына жіп байлап жіптің екінші ұшын қабірден сыртқа шығарып бір қоңырауға байлайтын болды. Бір адам түні бойы мазарда отырып қоңырауды тыңдап отырған. Бұл “мазар күзеті” (graveyard shift) деп аталатын. Кейбіреулер қоңыраудың арқасында тірі қалатын (saved by the bell), кейбіреулер “өлі қоңыраушы” (dead ringer) болып шығатын.