Тек Ислам әлемінде ғана емес бүкіл дүние жүзіндегі дәуірінің ең ұлы ғалымы болған Бируни 973 жылы Хорезмде туылған. 1049 ж Ғазнада қайтыс болған. Есімі Мұхаммедбин Ахмед әл-Бируни, лақабы Әбу Райхан. Анасы оны қиын шарттарда, отын сатып өсірген. Бала кезінен ғылымға және зерттеуге ынталы болған. Харезмшахтарының қамқорлығына алынып сарай тәрбиесімен өскен. 17 жасынан бастап жетістіктерімен көріне бастады. Атақты ғалым Әбул Уәфаменен астрономиялық бақылаулар жасады. Ғазналық Махмуд хан Үндістанды жаулап алғанында ұстаздарымен Бируниді де ол жаққа алып барды. Арап, Парсы, Иврит, Рим, Сирий, Грек және Қытай тілдерін жақсы білетін. Математика, астрономия, геометрия, физика, химия, медицина, фармацевтика, тарих, география, этнология, геология, діндер және мазһабтар тарихы сияқты 30-ға жуық ілім салаларында еңбектер жасап жемісін берді.
• Жердің домалақ және айнала қозғалуда екендігін, жерде тартылыс күші бар екендігін Ньютоннан қаншама ғасырлар бұрын анықтаған.
• Сол дәуірде Мейірімді Үміт мүйісі туралы, Кристофор Колумбтан 5 ғасыр бұрын Америка материгі туралы және Жапония туралы алғаш айтқан.
• Геометрияны ботани када қолданды.
• Айдың, күннің және жердің қозғалыстарын зерттеп, бүгінгі нәтижелерге қол жеткізген.
• Материктердің солтүстікке қарай жылжуы туралы пікірді алғаш айтқан.
• Аурулар туралы да өте көп білген. Қай шөп қай ауруға дауа болатынын білген.
• Алгебра, геометрия, география салаларында заманының ең білімдісі ол еді.
• Тригонометрияны астрономиядан бөлек бір білім саласы етіп бөлді.
• Алғаш рет жердің диаметрін өлшеген. Бұл өлшемі қазіргі өлшемге дәлме дәл келуде. Еуропада мұны Бируни жүйесі деп атайды.
• Тығыздық өлшеу құралын (пикнометр) тапты және ыстық сумен суық су арасындағы тығыздық айырмашылығын 0,041677 деп анықтады.
• Ғазналы Махмуд, Сәбуктәкин және Харезмнің тарихтарын жазды.
• Салыстырмалы діндер тарихының құрушысы болып саналды.
• Ғылымның барлық саласына жарамды 180-ге жуық еңбектер жазды.
• “Айтқандарымның ішінде ақиқаттың сыртына шыққандары болса Аллаһқа тәубе етемін. Барлығы Оның қолында” деп айтатын.
Ғалымдар |
Жыл |
Эклиптиканың көлбеуі |
Клавдий Птолемей |
- |
23 50º |
Әл-Мәмун астрономдары |
832 |
23 33.39º |
Сабит ибн Курра |
875 |
23 30.30º |
Әл-Баттани |
880 |
23 35º |
Әл-Бируни |
995 |
23 27º |
Бредли |
1750 |
23 38.3º |
Тихо Браге |
1790 |
23 30º |
Қазіргі заманғы өлшемдер |
1950 |
23 26.7º |
Ашқан жаңалықтары батыстық ғалымдар тарапынан әлі күнге дейін қолданылып келеді.