Тарихта із қалдырған жаңалықтар мен оқиғалардан кейін болжамсыз айтылған сөздер де тарихта өз орнын тапқан. Бұлардың бірнешеуі мыналар:
• “Теледидар ең кеш 6 ай ішінде нарықтан түседі. Адамдар күнде кешкісін мұндай бір қорапқа қарап отырғысы келмейді.” Дарик Ф Занук (ХХ ғасыр фокстың директоры 1944 ж)
• “Радионың келешегі жоқ.” Лорд Келвин (Швециялық физик)
• “Бұдан кейін жаңа ешнәрсе қалған жоқ. Ашылатын жаңалықтардың барлығы табылып бітті.” Чарльз Х. Дуелл (Америка Патент Кеңсесінің Директоры 1899 ж)
• “Сүңгуір қайықтардың соғыста неге жарауы мүмкін екендігін түсіне алмадым. Ең азынан экипаждың тұншығып өлуіне себепкер болуы мүмкін.”
Х. Г. Уеллс (Жазушы 1901 ж)
• “Барлық заманда аттар қолданылатын болады. Автомобиль тек өткіншіл мода болуы мүмкін.” (Генри Фордтың кредит сұрауына бір банк директорының берген жауабы 1903 ж)
• “Ұшақтар жай ғана ойыншық. Әскери қадірі жоқ.” Маршал Фердинант Фоч (І Дүние жүзілік соғысындағы Франция әскерінің бас командирі 1911 ж)
• “Әртістердің сөйлегенін кім естігісі келеді?” Гарри М Уарнер (Кино және индустрия жетекшісі. Дыбысты фильм туралы айтқаны1927 ж)
• “Келешекте компьютердің ауырлығы бәлкім 1,5 тонна болады.” Популар Меканикс Журналы (Ол кезде компьютерлер бір бөлменің көлеміндей болатын. 1949 ж)
• “Адамдардың үйлерінде компьютер ұстауы үшін ешқандай себеп көріп тұрғаным жоқ.” Кеннет Олсен Дижитал Корп-ның (Бір компьютер фирмасының) директоры 1977 ж.