ІІ- Баязид ханның ұлы Явуз Сұлтан Селим хан, Османдық патшалардың тоғызыншысы болған. Халифалықты Осман патшаларына байлаған да осы кісі болды. Иран шахы Исмаилді жеңіп шииліктің бұзық сенімдерінің жайылуына кедергі болды. Бүкіл түріктерді және бүкіл мұсылмандарды бір тудың астына жинауға тырысты. 8 жылдық билігінің көп бөлігін соғыс майдандарында өткізді. Бұл ықыластығымен жігерлігінің арқасында Хақ та’ала Явуз Селим Ханға Пайғамбарымыздың қасиетті туымен 74-ші Халифалықты нәсіп етті. Мысырды жеңіп, Осман топырақтарына қосуымен Меккеде болған Хижаз әмірі Шариф Баракатұлы Әбу Нумайриді пайғамбарымыздан қалған бірнеше мубарек сыйлықтарымен Мысырға жіберді. Бұл сыйлықтар Топкапы сарайына әкелініп, Киелі Аманаттар бөлмесіне сақталды. Өміріндегі өте маңызды оқиғалар мыналар:
24.04.1512 Таққа отыруы.
23.08.1514 Чалдыран (Иран) жеңісі.
19.09.1515 Диярбәкір жеңісі.
25.08.1516 Халеб (Алеппо) жеңісі.
09.01.1517 Сина (Египет) шөлінен өтуі.
22.01.1517 Ридания жеңісі.
28.01.1517 Каирдің жеңісі.
15.02.1517 Халифа болуы.
06.07.1517 Киелі аманаттарды қабылдап алуы.
22.09.1520 Қайтыс болуы.