Қошақаным

Көктем келе төлдеді

/upd/2017/0518/1495044561591c91d10fc660.11715351.jpg


Біздің үйдің қойлары.
Он қойымыз жиырмалап
Қорамыз да тар болды.
 
Бұйраланған бұйра жүн
Қоңыр, қара, ақ та бар
Көздері де жылтылдап
Сүп-сүйкімді шетінен.
 
Анасынан біреуі
Шетінеп кетті қошақан.
Сүт сұрайды балаша
Маған еріп момақан.
 
Бауыр басып маған да
Анасымын секілді,
Келе жатсам сабақтан
Мәз болады, секірді.
 
Қайда жүрсем бірге мен
Алып жүрем қасыма,
Серуендеп көгалда
Асыр салдық қуана.

Қуанышқали  Илияс
Ақсай қаласы №4 ЖОББМ 2 «Ә» сынып оқушысы