Фатихтің кеңбауырлылығы

/upd/2016/0609/14654589485759210417ea70.96638031.jpg

Осман топырағының ортасында қалған Шығыс Рим империясын Түрік әскерлері 29 мамыр 1453 жылы басып алды. Бұл соғыстың барысында түріктер тарапында үлкен шығындар болды. Ал Византиялықтарда өлген адам саны 5000-нан аспады. Стамбулды алысымен Фатих Сұлтан атымен тікелей Аясофяға келді. Шіркеудің есігіне келгенде атынан түсіп сол дәуірдің ең үлкен Ортадокс Шіркеуіне кіріп келді. Іші адамдармен лық толы еді. Фатихтен: “Бәрінің басын шабыңдар!” деген әмірді күткен Шығыс Римдіктер, бастары салбырап қорқыныштан дірілдеп тұрған еді. Бұл үмітсіздерге Фатих: “Көтеріңдер бастарыңды! Осы мезеттен бастап менің отандастарымсыңдар. Бұдан былай ешкім сендерге зиян тигізбейді. Діндеріңде, тілдеріңде, жұмыс және сауда саттықта еркінсіңдер. Шіркеулерің ашық қалады, ғибадаттарыңды бұрынғы бойынша жасайсыңдар, бірақ қоңырау шалмайсыңдар. Мұнда қалғысы келмеген адам бостандық ақшасын беріп қалаған жеріне кете алады. Стамбулда қалғандар бұрынғысынан да әлдеқайда тыныш әрі жақсы өмір сүреді” деп айтуымен қуаныштан не істерлерін білмей сасып қалды. Кейін ұлы Хан Римдіктерге: “Сендердің дін басшыларың кім?” деп сұрады. Олар “Геннадиос, бірақ ол бұл жерде жоқ. Оны Император зынданға тастаған” деп жауап берді. Фатих оны шығарып алып келуін бұйырды. Оны дереу алып келді. Геннадиосқа: “Бұдан былай Римдіктердің патригі сенсің!” деп оған салтанатты түрде патриктік асасын берді. Геннадиосқа уәзірлермен тең етіп айлық тағайындады. Кейін Фатих Сұлтан Мехмет Ортадокс армияндарына бұрылып: “Сендердің дін басыларың кім?” -деді. Олар: “Стамбулда біздің дін басшымыз жоқ. Византия императоры бізге шіркеу ашуға тыйым салған. Біз діни ғибадаттарымызды жасырын жерлерде орындайтынбыз. Бірақ Бурсада бір патригіміз бар. Аты Гоуаким.”-деп жауап берді. Оны да алып келгізіп асасын беріп Армияндарға Патрик етіп қойып, айлық тағайындады. Бұл екі патриктік 554 жыл бойы ешбір қысым көрмей міндеттерін атқарып жүрді. Мұншалықты кең бауырлылықтың дүниеде басқа мысалы жоқ. Бұл патриктердің де өздеріне жасалған мейірімділікпен еркіндіктің қадірін білуі керек еді. Осман империясының соңғы кезеңдерінде мемлекеттің әлсіреуімен кейбір патриктердің ағылшындарға еріп, кейбір Европалық елдерге жағымпаздануы Османдықтардың жақсылықтарын аяққа таптағаны болды.