Шайх Шамил

/upd/2016/0609/1465459151575921cf759956.72385705.jpg

Шайх Шамиль тәфсир, хадис, фикһ, әдебиет, тарих, сарф, нахв және жаратылыстану ілімдерін меңгерген ғалым. Саид Харканиден захири, Жамаледдин Құмұқиден батини ілімдерін үйренеді. Иракта Мәулана Халид Бағдади хазреттерінің тәлімінде болып, оның жолына байланады. Еліне қайтқанында досы Мұхаммед Ғазидің басқыншыл орыстарға қарсы бастаған күресіне қосылды. Ғази Мұхаммед 1832 ж орыстар тарапынан өлтіріледі. Орнына өткен Хамза бейдің де 1834 ж өлімінен кейін Дағыстандық мужахидтер Шайх Шамилді имам етіп сайлайды. Шайх Шамиль бойы 2 метрден ұзын, кең кеуделі, ірі денелі, күшті берік иманымен және әр түрлі соғыс әдістерін жетік білуімен өзінің қол астындағылардың сеніміне кірді. 1859 ж дейін орыстардың зұлымдығына, орасан көп қарулы күштеріне қарсы жеңіл қарулы азшылық әскерімен төтеп берді. Кавказияның даңқты азаттық күресі бүкіл әлемге жайылды. 1850 жылдары ұзақ соғыстан әбден қажыған әскерлері топ топ болып орыстарға беріле бастады. Орыстың қалың күштері Ираннан және Түркиядан келетін қару жолдарын үзді. Соңында 100 әскерімен, 14 батальондық жаудың қоршауында қалған Шайх Шамиль 6 қыркүйек 1859 ж келісімшартқа тұру арқылы орыстарға берілуге мәжбүр болды. Келісімшарт бойынша Шайх Шамиль қол астындағы адамдарымен Стамбулға кететін болып, бұдан былай Дағыстанның ішкі істеріне араласпайтын, әскер жинамайтын болады. Бірақ орыстар келісімшартқа қарамайды. Шайх Шамилді он жыл түрмеге қамайды. Кейін қажылыққа баруы үшін рұқсат беріледі. Стамбулға келгенінде халық бұл қаһарманды көру үшін көшелерді толтырды. Стамбулда аз уақыт болып кейін Мадина Мунаууараға орналасады. 1871 ж 17 ақпан күні сонда қайтыс болып Жәннәтул Бақи мазаратына жерленді.