Мишутка мен Стасик бақшадағы орындықта сөйлесіп отыр. Тек олар басқа балалар сияқты жай сөйлескен жоқ. Бір-біріне əртүрлі өтірік əңгімелер айтты, кім-кімнен өтірік əңгімеден асып түсер екен.
- Сенің жасың нешеде?- сұрады Мишутка.
- Тоқсан бес. Өзің нешедесің?
- Жүз қырқа толдым. Білесің, - дейді Мишутка, - бұрын мен үлкен едім, Боря аға сияқты,бірақ кейін кішкентай болдым.
- Ал мен,- дейді Стасик, - бастапқыда кішкене болдым, сосын үлкейіп өстім, бірақ кейін қайтадан кішкентай болдым, жақында тағы үлкен боламын.
- Ал мен, үлкен болған да бүкіл өзенді жүзіп өтетін едім, - дейді Мишутка.
- Əй! Ал мен теңізде жүзер едім!
- Теңіз деп ойлайсың! Мен мұхитта жүзіп өтім.
- Ал мен бұрын ұша алатынмын!
- Ал қəне, ұш!
- Қазір емес: ұмытып қалдым.
- Ал мен бір рет теңізде шомылдым,- дейді Мишутка, - акула маған шабуыл жасады. Мен оны жұдырықпен тарс еттім, ал ол басымнан шап беріп тістеп алды.
- Сенесің бе!
- Жоқ!
- Неге онда өлмедің?
- Не үшін өлуім керек? Мен арғы жаққа жүзіп, үйге бардым.
- Сонда бассыз ба?
- Əрине, бассыз. Бастың керегі не?
- Қалай сен енді бассыз жүрсің?
- Солай мен жүрмін. Бассыз жүруге болмай ма?
- Неліктен сен қазір баспен жүрсің?
- Басым өсті.
"Шебер ойлап тапты " – Стасик қызықты. Мишуткадан асып өтірікті жақсағырақ айтқысы келді.
- Жарайды, бұл не? - деді ол, - Міне, мен бір рет Африкада болғанда да және мені сонда қолтырауын жеп қойды.
- Міне өтірік айттым! – деп күлді Мишутка.
- Олай емес.
- Неге онда сен енді тірісің?
- Солай ол мені кейін ғой түкіріп тастады.
Мишутка ойланды. Стасиктен де асыра өтірік айтқысы келді. Ол ойланып-ойланып, ақырында айтты:
- Көшеге бір рет шықтым. Төңіректе трамвай, автомобильдер, жүк көліктер...
- Білемін, білемін! – деп айғайлап Стасик.
- Қазір айтасың, қалай сені трамвай басып кеткенін. Бұл жайында əлдеқашан өтірік айтқансың.
- Ештеңе етпейді. Бұл туралы емес.
- Əрине жарайды. Əрі қарай өтірікті айт.
- Міне, мен келе жатырмын, ешкімге тиіспеймін. Қарсы алдымнан кенеттен автобус. Мен оны көрмей қалдым, үстінен бастым бір рет! Мен оны қиратып та тастадым.
- Ха-ха -ха! Міне бұл өтірік сөз!
- Қалай сен енді автобусты қираттың?
- Сонымен ол ойыншық кішкентай болды. Оны бала жіппен тартты.
- Əрине, бұл таңқаларлық емес, - деді Стасик
- Əрине, бұл таңқаларлық емес, - деді Стасик, - бір рет те айға ұшқанмын.
- Ева қайда бұлғады - күліп жіберді Мишутка.
- Сенбейсің бе?
- Онда сен немен ұштың?
- Зымыранмен. Айға немен тағы ұшады. Өзің білмейтіңдей сияқты!
- Онда сен айда не көрдің?
- Əй, не...Стасикте күлді. Онда мен не көрдім. Ештеңе көрген жоқпын.
- Ха-ха-ха! - күлкіге батты Мишутка. - Ал айтасың, айға ұштым деп?
- Əрине, ұштым.
- Онда неге ештеңе көрмедің?
- Қараңғы болатын. Əрине түнде ұштым. Түсімде. Зымыранға отырып ғарыш кеңістігін де ұштым. -У-у-у! Ал сосын кейін қарай ұштым. Ұша, ұша, жерге құлап түсіп ояндым...
- А-а, - деп күлді Мишутка. Онда бірден айтпадың ба түс көргеніңді?
Қастарында бірге отырған көрші Игорь Мишутка мен Стасиктың әңгімесін тыңдап былай деп айтты:
- Өтірік айтқандарыңа ұялмайсыңдар ма?
- Ал неге ұялу керек екен? Біз ешкімді алдамаймыз,- деді Стасик. - Жай ойдан қиыстырып, ертегі сияқты əңгімелейміз.
- Ертегі, - ернін шүйіркен Игорь.
- Ал сен оңай деп ойлайсың ба ойдан шығаруды?
- Не оңай!
- Қане бірнәрсе қиыстыршы өзің?
- Қазір - деді Игорь.
- Мархабат.
Мишутка мен Стасик қуанып дайындалып тыңдады.
- Қазір, - деп қайталап Игорь - Е-е-е...
- Əй сенің барлық сөзің "е ", "е " ме?
- Қазір! Ойланып алайын.
- Ал, ойлан, ойлан!
- Е-е-е – деп қайтадан Игорь аспанға қарап айтты.
- Қазір, қазір е-е- е...
- Қане, неге ойлап тапайсың?
- Қазір ...міне ! Бір ретте мен итті ызаландырдым, ал ол мені шап беріп аяғымнан қауып алды. Міне тіпті тыртық қалды.
- Ал сен тағы мұнда енді не ойладың?- сұрады Стасик.
- Ештеңе. Қалай болды?
- Ойдан шығару да шебер.
- Мен сендер сияқты шебер емеспін енді. Дегенмен кеше өтірік айтып пайда таптым. Кеше кешкілік апам мен əкем кетіп қалғанда үйде Ира екеуміз қалдық. Ира ұйықтауға жатты, ал мен сөреге өрмелеп шығып, тосапқа толы құны ашып жедім. Сосын: мені жазғырмасын деп Ираның еріне тосапты жағып қойдым. Апам келгенде: "Кім тосапты жеді?" дегенде, "Ира "дедім. Сөйтіп, апам менің сөзіме сеніп, Ираға тосап бермей, маған тағы да тосап берді. Осылай пайда таптым.
- Демек, біреуге жала жапқаныңа қуанасың ба?- деді Мишутка.
- Онда тұрған не бар?
- Сен нағыз өтірікші екенсің?
- Өздерің өтірікшісіңдер!
- Сенімен бірге отыруды қаламаймыз.
- Ия, мен де кетуге асығып отырмын.
Игорь тұрып кетті. Мишутка мен Стасик де үйлеріне қайтты. Жолда балмұздақ дүкенін көріп, ақшаларын санып, бір балмұздақ алды. Дүкенші əйел оларға балмұздақты таяқшамен берді.
- Үйге барып, пышақпен тең бөліп жейік! – деді Мишутка.
- Кеттік.
- Олар баспалдақтан Ираны кездестірді. Ол жылап тұрған екен.
- Саған не болды? – деп сұрады Мишутка.
- Мені апам серуендеуге жібермеді.
- Не үшін?
- Тосап туралы өтірік айтқаным үшін.
- Сен жылама, одан да бізбен бірге отырып балмұздақ же! - деді Мишутка.
- Мен азғана дәмін татсам болды, менің үлесімді сен же!- деді Стасик.
- Одан да балмұздақты үшке бөлмедік пе? – деп ұсыныс жасады Ира.
- Дұрыс! - деді Стасик.
Осылайша теңдей үшке бөліп жеді.
- Мен балмұздақты өте жақсы көремін. Бұрын бір шелек балмұздақ жегенмін,- деп еді Мишутка.
- Ал сен барлығын ойдан шығарасың!- күліп жіберді Ира. - Бір шелек балмұздақ жегеніңе кім саған сенеді? – деді.
- Оның көлемі стақаннан да үлкен емес еді, - деді Мишутка.
Əділова Кенжегул Бейсембайқызы
Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылы