1770 жылы Османлы мемлекеті кезінде Осман Нури паша тарапынан жөндеуден өткізіліп янычар әскерінің пайдалануына берілген тарихи Ажяд әскери қалашығы отель құрылысы сылтаумен Саудия Арабстан өкіметі тарапынан 2002 жылдың 3 наурыз күні құлатылып, тарих және түрік дұшпандығы жолында тағы бір қадам тасталды. Ажяд қалашығы Мекке қаласын жабайы арап көшпенділерінің шабуылынан қорғау үшін құрылған болатын. Ол Османдықтардың Мекке аймағынан шегінген 1916-1919 жылдарына дейін өз қызметін атқарған. 1880 жылы Мекке әмірлігіне тағайындалған Шариф Абдулмутталиб ағылшындардың қолдауымен османлы өкіметіне қарсы көтеріліс жасап, халифат әскері орналасқан Ажяд әскери қалашығын басып алуға ұрынады. Мақсатына жете алмаған сатқын әмір халифаның тәртіпке шақыруына да құлақ аспағаннан кейін Ыстанбулда «Шура-и Дәулет» мүшесі Авнур-рафиқ паша 1882 жылы Меккеге әмір қылып тағайындалады. Абдулмутталиб болса, тұтқынға алынып Ажяд қаласында қамауға алынады. Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде ағылшындардың қолдауымен халифалықты арттан пышақтап, Мекке-Мадина қалаларын басып алған Саудиттер сол күннен бастап аймақтағы түрік және Османлы халифатын еске түсіретін барлық тарихи, әскери ғимараттарды тіпті мешіттерге дейін қирата бастайды. Мысалыға бүгін Мадина қаласында ол жерге 400 жыл қызмет еткен Османлы халифалығынан бірте-бір ғимарат қалмаған. Саудия Арабиясындаға Уаххаби өкіметі сахабалар мазаратындағы 10 мыңдаған кесенелер мен қоса Османлыдан қалған мешіттерді де бұздырып тастаған. Саудиттер Ажяд қаласын бұрын да құлатуға бір неше рет кіріскен болатын. Түркияның араласуымен опасыздықтан баз кешкен еді. Соңғы рет 1980 жылы бақытсыз қалашық тағы да уаххабилердің қаһарына ұшыраған кезде Пәкістан премьер министрі Зия ул-Хақ оларды бұл істен қайтарған болатын. Пәкістан өкімет адамдарын да немқұрайды қалдырмаған бұл мәселе дініміз тарихы тұрғысынан да өте маңызды. Кеңестік дәуірде басқыншылар бір ғана Түркістан қаласында 16 дана мешіт-медресе және кесене құлатқанындай Саудия Арабиясында да халифалықтан қалған бүкіл тарихи жәдігерлер жүйелі түрде жоқ етілуде. Өйткені мақсат бір. Халықты тарихи тамырынан ажыратып, «сені мен адам қылғам» саясаты астында езу.