Испанияның алынуы

 

/upd/2016/0609/1465460140575925ac285bb0.26589239.jpg

Тарық бин Зияд тарихтағы ең ұлы қолбасшылардың бірі болып саналады. Әмәуилердің Солтүстік Африка әміршісі Муса бин Нусаир оны Испания жорығына қолбасшы етіп тағайындады. 7000 адамдық күшпен 711 жылы Гибралтар бұғазынан өтті. Әскерлері кері қайтуға үміттенбеулері үшін бүкіл кемелерді жағып жіберді. Кейіндері де көп қолданылған “кемелерді жағу” фразасы осыдан қалған. Өте сәтті әскери қимылдарымен Солтүстік Испанияға дейін жеткен Тарық бин Зияд маңызды қалаларды басып алды. Әндулус мәдениетінің жолын ашушы ретінде тарих сахнасында із қалдырды. Испанияның оңтүстігінде мемлекет құрған мұсылмандар 1494 ж дейін бұл жерде 8 ғасыр бойы үстемдік құрды. Мұсылмандар ілім және мәдениетте ілгерілегені соншалықты христиандар теңі жоқ болған бұкіл өнер туындыларын жойып құртқанымен қазірдің өзінде олардың іздері бар. Испанияда Кардова және Кларнет қалаларында университеттер құрылған. Ішінде 600 000 кітабы бар кітапханалар болған.