Зәмзәм құдығы Масжид-ул-Харамның (Қағбаны қоршап тұрған мешіттің аты) ішінде Қағбаның хажер-ул-әсуәд (қара) тасы тұрған бұрыштан 14,5 м жерде, 173 см тереңдіктегі жер астында бір бөлмеде орналасқан.Бұл жер шөлдің ортасында және теңізден 80 км қашықтықта және теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Мыңдаған жылдардан бері шөлдің аптап-ыстығына күйген адамдарды сумен қамтамасыз еткен бұл құдықтың суы ешқашан азаймаған және таусылмаған. Қайдан келгендігі, қайнар көзінің сыры қазіргі технологиямен де, барлық зерттеулермен де ашылар емес. Қажылық кезінде моторлармен кішкене құдықтан шығарылатын Зәмзәм суы миллиондаған қажыны сумен қамтамасыз етеді және олар елдеріне алып кетсе де, бұл су ешқашан азайған емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2004 жылғы мәліметі бойынша бұл су, дүниедегі ішуге ең жарамды судың бірі болып табылады. АҚШ-та жасалған тест нәтижелері бойынша әлемде құрамында микроорганизмдер мен бактериялар кездеспейтін бірден-бір су - осы зәмзәм суы. АҚШ-та әр түрлі сусындар мен жемістерді елге кіргізуге тыйым салынғанымен, зәмзәм суына тыйым салынбаған. Зәмзәм суы басқа суларға қарағанда құрамында күкірті аз, құнарлы, минералы көп су болып табылады. Тойыну үшін ішкен адамның қарны тояды, шөлдеген адам ішсе шөлі қанады. Қала суынан айырмашылығы – кальций мен магний тұздары мөлшерінің көптігі. Бұл шаршаған адам суды бетіне жаққанда неге рахаттанатынының дәлелі болса керек.Тағы бір ерекшелігі – құрамында жұқпалы ауруларға қарсы тұратын фтордың болуы. Бұл нағыз ішуге жарамды суға қажетті барлық ерекшеліктерге ие екенін көрсетеді. Сондай-ақ, судың дәмін бұзатын биологиялық құбылыстар зәмзәм суында жүзеге аспайды.