Cұлтан Йылдырым Баязид Хан, Османдық патшаларының төртіншісі. Мурад Худауандигардың ұлы және Челеби Сұлтан Мехмедтің әкесі. Римнен және Анадолы жерлерінен көп қалаларды бағындырған. Грецияға дейінгі жерлерді жаулап алды. Нигболуда Крестік әскерлерін талқандады. 1402 ж Анкарада Әмір Темірмен соғыста ұлы Сулейманның қарамағындағы әскерлер Әмір Темір жағына өтуімен жеңіліп тұтқынға түсті. Әмір Темір оған көп сый-құрмет көрсеткенімен өкінішінен 8 айдан кейін тыныс тарлығынан қайтыс болды. Бурсада жерленді. Әмір Темір Йылдырым Ханның қайтыс болғанын естігенде “Обал болды. Ұлы Мүжтаһид қолбасшыдан айрылдық” деді. Өте батыр және өте әділ еді. Өте батыл әрі епті, шапшаң қимылды өз заманындағы құбылыстардан хабардар болған жақсы қолбасшы және жақсы Сұлтан еді. Өте сабырлы шешім қабылдауда өте сабырлы және әскерін бір жерден басқа жерге көшіруде өте жылдам еді. Өмірін майдандарда, жорықтарда өткізді. Түркілердің және Ислам дінінің Рум өлкесінде (қазіргі түркия) таралуын жүзеге асырды. Надандар бұл қаһарман дін күресшісінің атына кір келтіру үшін ішімдік ішетін деп жала жапса да бұны растайтын ешқандай дәлелдері болған емес. Бұл надандар осыған ұқсас басқа да көп патшаларға жала жабуға тырысып келеді.