АҚШ-тың түрлі оқулықтарында бұған дейін "Американы алғаш ашқан Колумб" деп жазылып келсе, таяуда осы қателік түзетілді. Ғалымдардың зерттеуінше, Американы алғаш ашқандар арабтар екен. Атап айтқанда, Абдул-Рахим және Абдулла ибн Малик бастаған теңізшілер екен. Араб теңізшілерінің біразы сол күйі Америкада қалып қойған. Америкада қазір өмір сүріп жатқан үндіс-алгонкиндер - осы араб теңізшілерінің жергілікті үндістермен араласып-құраласуының нәтижесінде өмірге келген тікелей ұрпақтары. Ғалымдар қазір оқулықтан Колумбты алып тастап, оның орнына Абдул-Рахим мен Абдулла ибн Маликтің атын жазды. Яғни, тарихи әділеттілік қалпына келді. Бірақ... Саясаттың жүрмейтін, араласпайтын жері жоқ қой, кейбір АҚШ саясатшылары "Араб терроршыларымен күресіп жатқан кезеңде Американы арабтарға ашқызып койғанымыз қалай болар екен?" деп қарсылық білдіріпті...