Хабашстанның (Эфиопия) патшасы Нежашидiң (Негус) Йемен әкiмi болған Абраха деген адамы бар едi. Абраха адамдардың Меккеге барып Қағбаны зиярат етуден қайтару үшiн Санақаласында үлкен әрi әдемi бiр шiркеу салдырды. Бiрақ ол өзiнiң мақсатына жете алмады, Қағбаға баратындар ол шіркеуге бармады. Тіпті, Фуқайм тайпасынан болған Нуфейл атты жас жігіт Абраханың салдырған шiркеуiн ластап кетедi. Абраха, осы оқиғаны сылтау етiп, көп әскер жинап Меккеге қарай жүреді. Әскерiнiң алдында Нежашиден алған үлкен бiр пiл болған. Пiл және әскерi арқылы жеңiске жететiндiгiне сенiмдi едi. Мекке қаласына кірер кезде әлгi пiл жерге жатып алып орнынан қозғалмады. Қанша тырысса да оны Меккеге қарай беттете алмады. Ал басқа жаққа қарай бұрса орыннан тұрып жүгірiп кетуге дайын едi. Дәл осы кезде Аллаһу та’ала Абраханың әскерiне Абабил атты құстарды жiбередi. Тұмсықтарында және аяқтарындағы тастарды Абраханың әскерлерінің үстіне тастады. Аят кәримәде айтылғандай (“Сонда оларды желінген топан тәрізді қылды”) жағдайға душар болды. Осы оқиға болған жылға арабтар «Фил жылы» деп ат қойған. Осы оқиғадан 50-55 күннен кейiн хазреті Пайғамбар алейһиссалам дүниеге келдi.