Харун Рашит

/upd/2016/0610/1465546105575a7579d477a1.49513745.jpg

Харун Рашит Аббасилердің 5-халифасы болып табылады. Мұхаммед Маһдидің баласы, Жафар Мансурдың немересі. Қабірі Тур қаласында. Бауыры Мұса Хади қайтыс болғаннан кейін халифа болды. Әкесінің кезеңінде екі рет гректермен соғысып, батырлық көрсеткен. Халифа кезінде Византияны қазіргі (түркияның) Ерегли қаласына дейін басып алды. 9 рет қажылыққа барып, Мекке мен Мәдина халқына көптеген жақсылықтар жасады. Ғылым мен өнер адамдарына құрметпен қарап, көмектесетін. Өте әділ болған. Харун Рашит 809 жылы Бағдатта қайтыс болды. Халифалығы кезінде француз императоры Чарльмен достық құрды. Онымен хат алысып, оған сыйлықтар жіберетін. Жіберген сумен істейтін сағаты еуропалықтарды таң қалдырған. Ол кездерде ғылым мен техникадан хабары болмаған еуропалықтар өздігінен істейтін сағатты көріп, ішінде шайтан бар деп ойлап, ол сағатты сындырған. Харун Рашиттің әйелі Зубайда ханым Мекке қаласының барлық жерінде «Айны Зубайда» деп аталатын су ағатын орындар мен фонтандар салдырған.