АҚШ, Ресей және бірнеше мемлекет ғарыштағы жер серіктері арқылы әлемдегі көптеген нәрсені көре алады. Жер серіктер қаншама шақырым биіктіктен үйдегі шыны аяқтың суретін түсіріп, тиісті жерге жеткізе алады.
Мысалы, 1990 жылы 2 тамызда Ирактың Кувейтке шабуыл жасауынан бұрын жасақтардың әрекеттерін АҚШ жер серіктермен анықтаған. Ұшақтардың түрі, ұшуы, жағдайы, атом бомбасын сынау сияқты әрекеттер де жер серіктерімен әрдайым бақыланып отырады.
Ең жақсы дамыған радарлармен жердің 100 м, теңіздің 500 м тереңдігі зерттеледі. АҚШ-тың мұхиттар үстіндегі жер серіктері кез-келген сәтте әлемнің барлық жерін ұдайы бақылай алады. Жер серіктер алдымен іздеп табады, сосын танысады, толық мәлімет пен фотосуретін алады.