Осман империясы

Осман Империясы жайында, оның негізін қалаушылары мен көсемдері туралы тарихшылардың мәліметтеріне сүйенетін болсақ: Осман Империясы – дүниедегі ең үлкен, ең ұзақ өмірлі, жоғарғы мәдениеттің негізін қалаған, ең күшті мемлекеттік құрылымдарға ие болған Түрік-Ислам мемлекеті. Түрік және Ислам тарихының ең көркейген кезеңі Османдықтар дәуірінде болған. Олар ұлттық және Ислами ой-пікірлердің керемет үйлесімі, саяси тұрақтылық пен социалды әділеттігінің арқасында, үш құрлықтың ортасында және Жерорта теңізі қойнауында адамзат тарихындағы низамы алемнің (әлемдік тәртіптің) ең керемет тәрізде жүзеге асырушылары болған. Индонезиядан Испанияға, Қырымнан Йеменге және Германиядан Африканың орталығына дейінгі жерлердегі мұсылман халықтарына қамқорлық жасаған. Османдықтар адамгершіліктік қағидаларына негізделген жаһандық дәулетін құрған. Білімге, өнерге, мәдениетке және адамзатқа ғасырлар бойы пайдалы қызмет еткен. Осман әулеті дүниеде ешқандай отбасына нәсіп болмаған, ұлы және данышпан патшаларды бірінен соң бірін жетілдірумен, бұл мемлекетке ең үстем абырой беріп қана қоймай, ұлттық, исламдық және адамдық қасиеттерімен халықтың көңілінен шығып, оны әлемді билеу тұрғысынан ең қуатты мемлекетке айналдырған. Осман империясы қауымдар, діндер және түрлі ағымдар арасында берік үндестік құрып, халықтар арасында еш қандай айырмашылық және қайшылықтарға жол бермей, әлем тарихында ұлттар арасы ең құдіретті мемлекетке және әлемдік саяси абыройға ие болған. Осы үлкен саяси құрылым ескі және жаңа мемлекеттерде болмаған қасиеттерімен ерекшеленіп, ұзақ уақыт сырттай басқыншылықтарға төтеп беріп және іштегі әртүрлі нәсіл, дін өкілдері және секталардың өзара тыныштығын қамтамасыз еткен. Соңғы жылдарда осы әлемдік империяға қарсы, түрік және мұсылман тарихындағы осы ең үлкен әрі ең ұзақ өмірлі мемлекетке қарсы саясатшылар тарапынан ауыр кінәлар тағылуда. Алайда, тарих саяси баяндамаларға емес, архивке сүйенеді. Тарихты зерттегенде сол кезеңде өмір сүрген басқа мемлекеттермен салыстыру керек.