Қыс өлеңдері

/upd/2016/1220/14822292885859062838d6d7.82064755.jpg

Терезеге ою салды,

Аяз үрлеп суықты.

Суретші ме білмейміз біз,

Шыны беті әдемі.

Жағыпар Фатима 8 жас

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы

***

Аю, борсық ұйықтап жатыр,

Апаң, інде түс көріп.

Аппақ қоян тығылып жүр,

Қасқыр оны жүр іздеп.

Қабатаева Мерей 8 жас

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы

***

Жапалақтап қар жауды,

Айналаның бәрі аппақ.

Ағаштар да сәнді болып,

Киіп алды ақ көйлек.

Бекболат Мәдина 9 жас

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы