Христиан әлемі желтоқсан айының 24-нен 25-не қараған түнді хазреті Исаның туған күні ретінде тойлайды. Алайда, хазреті Исаның тіпті туылған жылы да белгісіз. Оның үстіне, алғашқы кездері шіркеулер хазреті Исаның туған күнінің тойлануына қарсы еді. Римдықтар қыста жарық құдайы Митраның өздерін қалдырып кеткеніне қайғыратын. Ал күннің ұзара бастаған кезі 25 желтоқсанда болса күннің құлдықтан құтылу құрметіне ауқымды арсыздық аралас ойын-сауықтар ұйымдастыратын. 354 ж Рим епископы Либериустың бұйрығымен 25 желтоқсан хазреті Исаның туған күні ретінде ресми түрде тойлана бастады. Ал бұл түнге «Christmas», Рождество атауының қойылуы болса 597 жылы жүзеге асқан. «Christ» – хазреті Исаның есімі. Мақталған деген мағынаға келетін грекше «Hıristos» деген сөзден шыққан. “Mass” – нан және шараппен орындалатын христиандықтың әйгілі діни салттары. 1 қаңтар хазреті Исаның сүннет етілген күні ретінде қабыл етілген. Хазреті Мұсаның шариғатында балаларды 7 күндік кезінде сүндеттелетіндігі мәлім. Армян, Сириялық және грек православтары хазреті Исаның 6 қаңтарда туылғанын, сүндеттелгенін және шоқындырылғанын, храмда көрсетілуін және бесікте сөйлегенін тойлайтын еді. Ал қазіргі таңда Рождествоны тойлайды. Жыл басы мүлдем басқа бір күн. Римде жыл басы, күн түннен ұзара бастаған кезде, яғни 25 наурызда еді. Цезарь жыл басын 1 қаңтарға ауыстырды. Ал күн мен түн теңескен уақыт 21 наурыз болса Иран күнтізбесінің жыл басы Наурыз және Зардушт мейрамы еді. Бүкіл қоғамдарда жыл басы (жаңа жыл) тойланады. Осман Империясының мұсылмандары жаңа жылды Мухаррам айының басында тойлайтын, бірін-бірі құттықтап, сыйлықтар беретін. Сауда-саттық жақсы жүретіні және көп пайда түсіретіні үшін заманымызда осы сияқты күндерге деген құштарлық ынталандырылуда. Шырша ағашына алғаш рет шамды Лютер жаққан. Бұл яһудилерден келген дәстүр. Алғаш рет 1837 жылы Францияда Орлеан герцогинясы Хелена Тюильри сарайына жаңа жылға қарсы шырша ағашын алдырды. Кейінірек бұл әдет бүкіл дүниеге жайылды. Ал түйетауықтың (индейка) Рождество мен жаңа жылға еш қатысы жоқ.