Бұрынғы мұсылмандардың тазалығы

/upd/2016/0610/1465547492575a7ae45f2108.19456898.jpg

Қануни Сұлтан Сулейман заманында Стамбулға келген бір неміс поптың 1560 жылы жазған еңбегінен үзінді: “Стамбулдағы тазалыққа таң қалдым. Мұнда адамдар күніне бес рет жуынады екен. Бүкіл дүкендер таза, көшелерінде қоқыс жоқ. Сатушылардың киімдерінен кішкентай болса да дақ таппайсың. Сонымен қатар «Хамам» (монша) деп аталатын ішінде ыстық суы бар ғимараттар бар. Мұнда келгендер бүкіл денелерін жуып шығады. Ал біздің жақтың адамдары ластық ішінде, жуыну дегеннің не екенін де білмейді.” Ал бүгін болса мұсылман елдеріне саяхаттап жүрген шетелдіктер жазған кітаптарында “Бір шығыс елдеріне барғанымызда ең алдымен мұрнымызға сасыған балық  және қоқыстардың иісі келеді. Айнала ластық ішінде. Жерлері қақырықпен толған. Әр жерде қоқыс үйіндісімен жануар өлексесі жатады. Адам мұндай шығыс мемлекеттерінен өткенде жиеркеніп мұсылмандардың біз ойлағандай таза емес екендіктерін түсінеді.” деп жазып жатады. Бүгінгі Ислам мемлекеті деген атты жамылған мемлекеттерде, иман ілімдері бұзылғанымен қатар тазалыққа да мән берілмеуде. Бірақ мұнда кінә Ислам дінінде емес, Ислам дінінің негізі тазалық екенін ұмытқан адамдарда. Кедейлік лас жүру үшін сылтау емес. Бір адамның жерге қақырып, айналасына қоқыс тастап жүруінің ақшаменен ешқандай байланысы жоқ. Бұлай айналасын ластап жүргендер, Аллаһтың тазалық әмірін ұмытқан бақытсыздар. Әрбір мұсылман дінін жақсы үйренсе және діннің әмірі бойынша жүрсе, бұл ластықтар жойылады. Сол кезде басқа елдер мұсылман мемлекеттеріне келген кезде орта дәуірдегідей мұсылмандардың тазалығына таңданып жүретін болады.