Өтірік өлең
Екі өркешті түйе,
Жағып апты күйе.
Түйе неге шайнаңдақ,
Сағыз шайнап жүр ме?
Қабдрахим Ұлмекен 8 жас
Амангелді ауданы
***
Отыр еді көз алдымда қара торғай,
Көзінде қап-қара мұң ұша алмай,
Мысық тістеп құлпырған қаннаттарын,
Қыс келсе қалады-ау ұша алмай.
Арыстанбек Бакдаулет 10 жас
***
Ана деген – ақ жүректі асыл жан,
Жан дүниесі құралған тек асылдан.
Ана деген – мейірімді, қайратты,
Бар ғаламға нұрыменен шашылған.
Бердіғалиева Зарина 8 жас
Ақтөбе қаласы, Шалқар ауданы
Қауылжыр селолық округі