Бірнеше күн тұрған сүт ашып кетеді. Алайда, оны бірнеше күн емес, бірнеше секундта ашытып, сүзбеге айналдыруға болады.
Сүзбе – ол казеин, сүт ақуызы. Сүт пен суда қант секілді еріп тұрады. Сүтті сүзбеге айналдыру үшін сүтке аз мөлшерде сірке суын қосу керек. Алайда ешкім сүтке қышқыл қоспайды. Себебі ол өздігінен ашиды.
Сүтті ашытатын сүтқышқылды бактериялар. Олар сүтке түскенде, сүт қантын қышқылға одан сүзбеге айналдырады.
Сүт ашымау үшін оны қайнату керек. Қайнатқан кезде бактериялар өледі. Кейде сүтті қайнатып жатқанда, сүт іріп, сүзбеге айналады. Демек, бактериялар жұмыс істеп, қышқыл түзеген болады.