«Кока-Кола» денсаулыққа зиян ба?

/upd/2016/1110/147876234958241f6dc96c76.85154270.png

Балалар, сендер Кока-Коланың неден жасалатынын білесіңдер ме?
Оның 90% газдалған су, шекер, фосфор қышқылы, кофеин және 1% «Мерхандиз-7» деп аталатын құпия қоспадан тұрады. Оның нақты химиялық құрамын әлемде тек 10 адам (сусын шығаратын компанияның өкілдері) біледі.
Сусынның зиянды компоненттері:
1.Көмір қышқыл газ адамның асқазан-ішек жолдарын зақымдайды. Өңеш пен асқазан арасындағы клапанның жұмысын нашарлатып, қабындырып қыжыл тудырады. Өт пен бауыр қызметінің бұзылуына әкеп соғады.
2.Кока-коланың 200 граммында шамамен 5 шәй қасық шекер бар. Артық шекер салмақтың артуына, тері (безеу) және тіс ауруына себеп болады.
3.Ортофосфорлық қышқыл адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкеліп соқтырады. мүмкін. Остепороз (сүйек сынғыш) ауруларына шалдықтырады. Зерттеу нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатыны дәлелденген.
4.Құрамындағы кофеин ұйқыны бұзады. (Кешке жақын екі стақан Кола ішкен бала әрең ұйықтайды). Ең қауіптісі – адам кофеинге дағдыланып кетуі мүмкін. Өйткені оның әсері наркотикалық заттарға ұқсас келеді.
5. Жарнама бізді қаншалықты сендіруге тырысса да, «Кока-Кола» шөлді мүлдем қандырмайды. Газдалған сусындардың құрамындағы қант алмастырғыш заттар жасанды түрде шөлдетіп, адамды қайта-қайта ішуге итермелейді. Көп мөлшері жүйкенің бұзылуына, күйзеліске және ақыл-естің дамуына кері ықпалын тигізеді.
6.Натрий  бензоат (Е211) қоспасы май мен крахмалды ыдырататын ферменттердің белсенділігін төмендетіп семіздік ауруына шалдықтырады.
Олай болса балалар, «Кока-кола» сынды газды сусындардың орнына, денсаулыққа пайдалы табиғи жеміс шырынын, компот, айран, сүт және сүт өнімдерін молынан ішуге тырысайық!