Магнитті қолданудың жүздеген әдістері бар. Жалпылама жағдайда магниттер түрлі объектілерді ұстау, бөлу, бақылау, тасымалдау және көтеру үшін пайдаланылады. Сонымен қатар электр энергиясын механикалық энергияға және кері айналдыруға да қолданылады.
Магниттің кейбір қолданыс аясы:
Үй ішінде:
Құлаққап;
Стереоколонка;
Телефон тұтқасы;
Электр қоңырау;
Тоңазытқыш есігін периметр бойынша ұстағыш;
Банк картасындағы магниттік жолақ;
Желдеткіш;
Трансформатор;
Магниттік құлпы;
Аудио және видео аппаратуралардың жазушы және жаңғыртушы басы;
Компьютердің диск салғышы мен қатты дискінің жазушы және жаңғыртушы басы;
Теледидардағы басқаратын және магнитсіздендіретін магниттік жүйе;
Қозғалтқыш ішінде:
CD/DVD дисктерді айналдыруға арналған қозғалтқыштар;
Аудио және видео аппараттарының лента тартатын двигательдер;
Ыдыс және кір жуатын машиналардағы насос пен таймер;
Тоңазытқыштағы компрессор;
Қалта телефонында дірілдеткішке арналған қозғалтқыш;
Мына ойыншықтарда магниттер жиі пайдаланылады:
Магнитті конструктор;
Сурет салуға арналған магниттік тақтайша;
Магнитті шахмат;
Магнитті әріптер мен сандар.