Уә бил қадари хайриһи уә шарриһи мин Аллаһи Та’ала: Тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендiгiне сендім деген сөз. Адамдардың басына келетін жақсылық пен жамандық, пайда мен зарар, табыс пен зиянның барлығы да Аллаһу та’аланың қалауымен болады.
Аллаһу та’аланың бiр нәрсенiң бар болуын қалауын тағдыр (қадар) дейдi. Тағдырдың жүзеге асуын қаза дейдi. Кейде тағдыр мен қаза сөздерi бiр-бiрiнiң орнына қолданыла бередi.
Аллаһу та’ала құлдарына (ирада) қалау берген. Құлдарының осы қалауларын, тiлектерiн істердің жаратылуына себеп қылды.
Осы жерге дейiн қысқаша түсiндiрілген Әһли сүннәт сенiмiн терең үйренгiсi келгендерге «Хақиқат кітапүйі» баспасынан басылып шығарылған Ислам ғалымдарының үлкені, әулие Меулана Халид Бағдадидiң парсы “Итиқаднама” кiтабын және Кемаһлы Фейзуллаһ Эфендiнiң аудармасы “Иман және ислам”кiтаптарын оқуға кеңес береміз. Бұл кітап өте пайдалы, берекеті екі дүние бақыты үшін жеткілікті.
Аллаһу та’ала әр мүминге тәуекел етудi әмiр еттi “Тәуекел иманның шарты” деген аят осы әмiрлердiң бiрi. Маида сүресiнде: «Егер иманыңыз болса, Аллаһу та’алаға тәуекел етіңіз.» Али Имран сүресінде: «Аллаһу та’ала тәуекел еткендердi әлбетте жақсы көреді», Талақ сүресінде: «Кiмде-кiм Аллаһу та’алаға тәуекел етсе, Аллаһу та’ала оған жеткiлiктi болады», Зумар сүресiнде: «Құлы үшiн Аллаһу та’ала жеткiлiктi емес пе?» - дегендей қаншама аяттар бар.
Расулуллаһ былай дейдi: «Үмметiмнің бiр бөлiгі маған көрсетілдi. Тауларға, шөл далаларға лық толы едi. Соншалықты көп болғанына таң қалдым әрi қуандым. Қуандың ба деп сұралғанда иә деп жауап бердiм. Бұлардың тек жетпiс мыңы ғана есеп-қисапсыз жәннатқа кiредi деп айтылды. Олар қайсы?- деп сұрадым. Сиқыр, бал ашу сияқты нәрселерден аулақ болып, Аллаһу та’аладан басқаға тәуекел етпегендер және сенбегендер, делінді.» Тыңдап отырған адамдар арасынан Укаша (радыяллаһу анһ) тұрып: «Әй, Расулаллаһ, солардың қатарында болуым үшiн дұға етіңіз» дегенде, Пайғамбарымыз: «Йа, Раббым! Оны солардың қатарынан қыла гөр»- дедi. Басқа бiреу тұрып дәл сондай дұға етуiн қалағанда, пайғамбарымыз: «Укаша сенен жылдамырақ болды» - дедi.
Тәуекел деген - себептерге жүгiнiп, келешек үшiн ойланбау.