Әһли Сүннет ақидасында (сенiмiнде) болудың белгiлерi

      Аллаһу та’ала әһли сүннет ақидасына сәйкес иман еткен мұсылмандарға разы. Бұл сенімнің бiрнеше шарттарын Әһли сүннет ғалымдары былай деп түсiндiрiп бередi:


1. Иманның алты шартына, яғни Аллаһу та’аланың барлығына және бiрлiгiне, серігі, теңі жоқтығына, перiштелерiне, кiтаптарына, пайғамбарларына, ахырет күнiне, жақсылық пен жамандықтың Аллаһу та’ала тарапанынан болатындығына сену керек. (Бұлар амәнтуде айтылған).


2.  Аллаһу та’аланың соңғы кiтабы болған Құран Кәрiмнiң, Аллаһтың сөзi болғандығына сену.


3.  Мүмин өз иманына еш күмән етпеуi керек.


4.  Пайғамбарымызға иман етiп, тiрi кезiнде оны көру бақытына жеткен сахабалардың барлығын өте жақсы көру керек. Төрт халифасына, жақын туған-туысқандары болған әһли бәйтiне және құрметтi әйелдерiнiң ешбiрiне тiл тигiзбеу керек.


5.  Ғибадаттарды иманның бiр бөлiгi деп бiлмеу керек. Аллаһу та’аланың әмiр етiп және тыйым салғандарына сенiп, ал шарттарын жалқаулықпен iстемеген мүмiндердi кәпiр деп айтпау керек. Бірақ, харам-халалға мән бермейтіндер және исламды мазаққа айналдырғандардың иманы кетедi.


6. Өзiн мұсылманмын деп есептеп, Аллаһу та’алаға және Пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламға сендiм дегенiмен жаңылыс сенiмде (адасқан секта) жүргендердi кәпiр демеу керек.


7.  Өз-өзiне, иманына берiк болып ашық күнә істегені беймәлім имамның артында тұрып намаз оқуға болады. Осы үкiм жұма мен айт намаздарын оқытатын әкімдер мен әмірлерге де тиiстi.


8.  Мұсылмандар өздерін басқарып отырған басшыларына, әмірлеріне мойынсұнуы қажет. Үкіметке бас көтеру фитнә болып саналады және әр түрлі қайғы-қасыретке апарып соғады. Басшылардың, әмірлердің қателеспей елдi дұрыс басқаруы үшiн артынан қайырлы дұға етiп, харам, күнә істерден қайтару үшін тәтті сөзбен насихат айту керек.


9.  Дәрет алғанда аяқта мәсi болса, су қолмен мәсих етуге болады. Жалаң аяқ пен шұлықтың үстiнен мәсих етуге болмайды.


10.  Пайғамбарымыздың миғражға жаны-тәнiмен бірге шыққандығына сену қажет. Егер ол Пайғамбардың түсi дейтiн болса, әһли сүннеттен айрылған болады.


      Жәннәтта мүмiндер Аллаһу та’аланы көредi. Қиямет күнiнде Пайғамбарлар мен Аллаһтың сүйiктi құлдары Аллаһтың рұқсат етуiмен шапағат ете алады. Қабiрде сұрақ сұралады. Қабiрдегi азап жан мен тәнге бiрдей беріледі. Әулиелердiң кереметi хақ. Керемет Аллаһу та’аланың сүйiктi құлдарына ғана нәсiп етілетiн ерекше қасиет. Қабiрге жерленген рухтар тiрi адамдардың сөздерiн еркiн есiте алады. Олардың артынан қайырлы дұға ету қажет. Жоғарыда аталғандар әһли-сүннеттегiлердiң ерекшелiктерi болып есептеледi.