Мұсылман болудың алғашқы шарты - иман ету. Ақыл-есi дұрыс және балиғат жасына жеткен еркектiң және әйелдiң бiрiншi мiндетi - әһли сүннет ғалымдарының кiтаптарында жазған иманға байланысты мағлұматтарды үйрену және оқығандарына сәйкес сену. Қиямет күнiнде жаһаннам (тозақ) азабынан құтылу солардың бiлдiргендерiне сенуге байланысты. Жаһаннамнан құтылатындар тек қана осылардың жолында жүргендер болады. Олардың жолдарында жүргендерге «Сүнни» немесе «Әһли сүннет» делiнедi.
Бiр хадис шәрифте: «Менiң үмбетiм жетпiс үш топқа бөлiнедi. Бұлардан тек қана бiр бөлiмi тозақ азабынан құтылады, ал басқалары тозаққа түседі»- деп айтылған. Бұл жетпiс үш топтың әрбiрi исламға мойынсұнғандықтарын жариялауда және тозақтан құтылатындығы бiлдiрілген тек бiр топтың да өз топтары екендiгiн айтуда. Мүминун сүресi 54-ші және Рум сүресі 32- аятта: «Әр топ, тура жолда болғандығын ойлап сүйсiнуде» деп айтылған. Сондықтан да бұл әр түрлi топтар арасында құтылатын бiреуiнiң белгiлерiн Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деп бұйырған: «Бұл топтағылар - мен және де асхабым жүрген жолда болғандар». Асхаби Кирамнан қандай да бiреуiн жақсы көрмейтiн адам әһли сүннеттен айрылған болады. Әһли сүннет итиқадында (сенімінде) болмағандар кәпiр немесе бидғат әһлi (жолдан азғандар) болады.