Аяулы анашым,
Мен үшін дарасың!
Сен маған анасың,
Әжеме баласың,
Әрқашан біздерге
Болар, сен панасың.
Жан анашым таянышым, тірегім.
Өмірдегі бар бақытты тіледім.
Әрқашанда бізді «жақсы» болса деп,
Лүпілдейді нәзік, қамқор жүрегің.
Менің анам ақыл - ойдың данасы.
Менің анам ұл - қызының панасы.
Үйрететін оқушыға жалықпай,
Менің анам мың баланың анасы.
Анашым, біз қарызбыз өзіңізге.
Мәпелеп, әлдилеген сөзіңізге.
Тілеріміз бұл өмірде біздің сізге,
Түспесе екен, деймін әжім жүзіңізге.
Бағдатова Шұғыла 7 жаста
Ақтөбе облысы,
Темір ауданы,
Алтықарасу ауылы