Дос деген өмірдегі жолдасың,
Дос деген өмірдегі сырласың,
Бір күні ренжіссең онымен
Ертесіне ұмытылады бар нәрсең.
Бақыт Аружан 9 жас
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы
Мұқағали ағайға
Аңыздарда аты қалған талайға,
Ақындарға баға беру оңай ма?
Тебірентер жазған шумақ өлеңі,
Мың рахмет Мұқағали ағайға!
Кенжемұратова Айша 14 жас
Атырау қаласы
Өлең
Ежелгі Сауран қаласы
Дұшпандар таптаған,
Тарихтың таңбасы
Жеріне тапталған,
Шежіре шертеді
Қамалы әр тасы
Ғажайып ертегі
Сауранның даласы.
Білдаш 13 жас
Түркістан қаласы