Анашым. Найзағай

 

/upd/2016/0625/1466857519576e782f10ed15.35914484.jpg

Бүкіл елді қуантқан,
Мейірбан біздің анамыз.
Мақтанышым ол менің,
Қуанышым жалғыз сен.

Сабиткалиева Анеля 10 жас
Алматы қаласы 

Ана сөзі
Анамның аяулы үндері,
Жаныма қуат береді.
Анамның аяулы сөздері
Ақылыма ақыл қосады.

Зарина Омар
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің
3 «Б» сынып оқушысы

Найзағай
Ойнайды найзағай күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Кемпірқосақ түрленді,
Күн шықты міне күлімдеп.

Гүлжауһар Серікбай 11 жас
Қызылорда қаласы