Қазақстан – төл құжатым

/upd/2016/0625/1466856580576e74843305a5.35609753.jpg

Әліппеден басталатын
Отан – ана, қазақ – атым
Кіндік қаным тамған жерім      
Қазақстан – төл құжатым.
 
Аман бол деп байтақ елім
Бата берген атам менің
Ол – туған жер, ол – отбасым
Отаным деп айтар едім.
 
Мақтан етем Отанымды,
Сүйіп өтем Отанымды,
Сол Отанды қорғау үшін
Бабаларым атқа мінді.
 
Тауым-тасым барқыт белім
Кенге толы жақұт жерім
Ол мен үшін қасиетті
Жанымнан да артық менің
 
Әліппеден басталатын
Отан – ана, қазақ – атым,
Бабалардың таңбасы бар
Қазақстан – төл құжатым.

Жамалхан Өтегенова