Туыпты Үшқоңырдың баурайында,
Жұлдызы біткен жұрттың маңдайына.
Жастайынан сұңғыла зерек болып,
Өнердің құты қонған таңдайына.
Нұрланып екі көзде от ойнаған,
Жас болса да ел қамын ерте ойлаған.
Әкесі Әбіш ата мейірімді,
Ұлының қабілетін тез байқаған.
Өзі үшін бола білген бағасы нән,
Үлгі алған Әлжандайын анасынан.
Талапты елге нұр жауар деген сөз бар,
Көрінді ұлыдағы дара шыңнан.
Елі мен жері үшін туған ерлер,
Өмірге бұндай ерлер сирек келер.
Нұрсұлтандай атамызға туған елі,
Әрқашан құрметпенен тағзым етер.
Айсана Жеңісқызы
ШҚО, Тарбағатай ауданы,
Ақсуат ауылы
7-сынып оқушысы
«Темірқазық» ақындар
орталығының мүшесі