Әркiм әуелi иман ету керек

      Аллаһу та’ала адамдардың жарық дүниеде рахат және тыныш өмiр сүрулерiн, ахыретте де мәңгі бақытқа қауышуларын қалайды. Осыған байланысты, бақытқа жетуге себепшi болатын пайдалы нәрселердi iстеудi әмiр еттi. Аллаһу та’аланың бiрiншi әмiрi - иман ету. Иман ету бүкiл адамзатқа ауадай қажет. «Иман» сөзі сөздiкте бiр адамды анық бiлу, оған сену деген мағынаға келедi. Иманның терминдiк мағынасы болса, Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһтың пайғамбары болғандығын және оның тарапынан таңдалған хабар берушi Нәби болғандығын дұрыс бiлу және сене отырып айту. Аллаһу та’ала қысқаша бiлдiргенге солай сенiп, ауқымды бiлдiргендерiне жан-жақты сену және күшiнiң жеткенiнше «Кәлима-и шаһадат»ты тiлмен айту. «Иман» деп - оттың жандыратынына, улы жыланның шағып өлтiретiнiне шын жүрегiмiзбен сенiп қашатынымыз сияқты, шын көңiлiмiзбен Аллаһу та’аланы және сипаттарын жақыннан танып, бiлiп, Оның разылығына және жамалын көру үшiн жан салып кiрiсу, азабынан қашу және иманды мәрмәр тастың үстiне қашалып жазылған жазу сияқты дұрыстап, мықтылап жүректе орналастыруды айтамыз.

 

     Иман - Мұхаммед алейһиссаламның айтқандарының барлығына сүйсiнiп, жүректiң тасдиқ (дұрыстауы) етуi, яғни сенуі. Осылайша сенген адамдар «мүмин» және «мұсылман» делiнедi. Әрбiр мұсылман хазреті Мұхаммед алейһиссаламға мойынсұнып, оның көрсеткен жолында жүруi керек. Оның жолы Құран Кәрiмнiң көрсеткен жолы. Бұл жол «Ислам» делiнедi. Оған мойынсұну үшiн ең алдымен иман етіп, кейiн «ислам үкiмдерiн», яғни мұсылманшылықты жақсылап үйрену керек. Одан кейiн сүннеттердi орындап, мәкрухтерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек. Бұлардан кейiн мубахтарда да пайғамбарға мойынсұнуға тырысуымыз керек. Дiнiмiздiң негiзi иман. Иманы болмағанның ешбiр құлшылығын және жасаған жақсылығын Аллаһу та’ала қабыл етпейдi. Мұсылман болуды қалаған адам алдымен иман етуi, кейiн ғұсыл, дәрет, намаз және керегiнше басқада парыздарды үйренуi қажет.