Ерлік – ұрпаққа мұра

/upd/2016/0530/1464626968574c6f18b99152.08275928.jpg

Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді халқымыз 4 жыл бойы күтті емес пе? От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп-қатерге толы болғанын қолынан қару алып, соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар даласында су кешіп, жаумен бетпе-бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар, ер азаматтардың орнын басып еңбек етті.
Бүкіл Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата-апаларымыз соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды. Жаңға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.
Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,
Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.
Біз күштіміз күштілердің бәрінен,
Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.
Біздер нағыз құдіретті елденбіз,
Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз.
Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай сынып жетекшіміз Корпебаева Шынар Қаликәрімқызы «Ерлік – ұрпаққа мұра» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында жеңістің бізге оңай келмегенін жүрегімізбен сезіндік. Міне, бүгін азат, басқа мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең «қазақ» деген елміз. Осы арайлы таңымыз кешегі ата-апаларымыздың арқасында болса, бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында деп ойлаймын. Ал еліміздің ертеңі біздің қолымызда. Біздің сыныпта барлық жиырма бес бала патриот балалар, сынып жетекшіміз Шынар Қаликәрімқызы жеңіс пен тәуелсіздіктің бізге оңай келмегенін, қазіргі заманда тек білім мен намыс, күш-қайраттың қажет екенін айтады. «Жаңашыл ұлдан Отаншыл ұл артық» дейді, - Мұхтар Шаханов атамыз. Әр қазақ баласының жүрегі «Отан» деп соқсын!

Насырқан Аружан 8 жас
«Мақаншы орта мектеп-бақша» КММ
3 «а» сынып оқушысы
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы