Дос

/upd/2016/0530/1464626325574c6c958afb67.55083949.jpg

Дос деген адам өміріндегі ең жақын адам. Өйткені доспен ойнай да күле  де аласың, ең қызығы досыңмен сыр бөлісіп мұңыңды тарқата аласың. Кез –келген адам, кез-келген затпен дос бола алады. Біреудің ойыншығы, біреудің құсы, біреудің балығы дос болса менің досым – Әбіш. Мен дос деген мағынаны былай түсінемін. Мен үшін дос – өмірдегі ең жақын адамың, сырласың, қиындықта да қуанышта да жаныңнан табылатын серігің. Алайда қазіргі достардың көбі алдамшы келеді. Жанымызда жүрген ақкөңіл, қамқор достарымызды аялай білейік.

Мұрат Сейілханов
Ақтөбе облысы,  Ойыл ауданы
Ойыл қазақ орта мектебінің 
3 «а» сынып оқушысы