Бақытты күн сыйлаған,
Барша әлем халқына.
Аталардың ерлігін
Ұмытпаймыз ешқашан!
Ұлы жеңіс күніне,
Бүгін толды 70 жыл!
Аталарға тілейміз,
Мол бақыт пен зор ғұмыр!
Нұрай Исаева
Алматы қаласы
М.Мақатаев атындағы
№140 мектеп-гимназияның
4 «Ә»-сынып оқушысы
Қанын төкті майданда
Қанын төкті майданда,
Жанын берді біз үшін,
Жүректегі отын да
Бізге төгіп салды ол.
Ол адамдар арқасында
Бейбіт өмір басталды.
Қарамады қиындыққа,
Тіпті ерлік басталды.
- Назерке Дуйсенова 12 жас
- Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл селосы