Анашым. Менің ұстазым. Туған жер

/upd/2016/0530/1464615507574c42533c6d43.41654048.jpg

Анашым
Сенсің менің жүрегім,
Сенсің  менің тірегім,
Сен сыйлаған өмірде
Бақытты боп жүрермін.

Лаура Нахан 10 жас
Сарыағаш қаласы

Менің ұстазым
Мен бірінші сыныпта оқимын. Менің ұстазымның есімі Нукенова Марфуза Ұлдақанқызы. Ол өте білімді, жан-жақты, шәкірт жүрегіне жол таба білетін ұстаз. Мен ұстазымның айтқан ақыл-кеңестерін орындауға тырысамын. Менің де Марфуза апай сияқты ұстаз болғым келеді. Ол біздің сауатымызды ашты. Білім әлеміне жол сілтеп, білімді адам болуымыз үшін бар күшін салып жатыр. Апайыма алғысым шексіз.

Эльнара Қалық Мақсатқызы 6 жас
Алматы қаласы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Дихан ауылы

Туған жер
Туған жер алтын мекенім,
Өзіңде еркін өсемін
Еңбегіммен еселі.
Қарызымды өтермін.
Есейіп алыс кетсем де,.
Тербеткен мені төсіңде,
Жұлдызы тұнық таңдарың.
Болар мәңгі есімде.

Аяла Ғұсман 10 жас
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы