Мұсылманның жұмыс істеуі – ғибадат

      Мұсылманның жұмыс істеуі ғибадат болып табылады. Ал имансыздың (мұсылман емес) жұмыс істеуі ғибадат болмайды. “Мен намаз оқымаймын, бірақ жұмыс істеп жатырмын, бұл да ғибадат” деп айту – қате. Тіпті намаз оқымайтын мұсылманның да жұмыс істеуі ғибадат болмайды.
       
      Ешкімге мұқтаж болмайын деп жұмыс істеу өте дұрыс. Пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» хазреті Муазбен қол алысып амандасып тұрып:
 
       – Ей Муаз, қолдарың күстеніп кетіпті ғой. – деді.
      – Дұрыс айтасыз расулаллаһ, бұл қолыммен қайла ұстап, топырақ қазып бала-шағамның нәпәқасын тауып жүрмін – деді хазреті Муаз. 
      Сонда Пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» хазреті Муазды сүйіп:
      – Бұл қолды тозақ оты жақпайды – деді. (Тибйан)
 
     Бір күні таң намазынан кейін бір жас жігіт дереу мешіттен шығып жұмысына кетіп бара жатады. Сахабалардың біразы мұны орынсыз деп ойлайды. Мұны байқаған Пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» былай деді: «Олай демеңдер! Егер ешкімге мұқтаж болмау үшін, әке-шешесін  және бала-шағасын мұқтаждықта қалдырмау үшін жұмысқа бара жатқан болса, әр басқан қадамы ғибадат болады. Егер жұмыс істеп табатын ақшасымен мақтану, маңғаздану ниетінде болса, онда ол шайтанмен бірге.» (Табарани)
 
      Бұл айтылғандардан аңғаратынымыз мұсылманның жақсы ниетпен жұмыс істеуі ғибадат болады. Бірақ кәпірдің және харам жасайтын адамның жұмыс істеуі ғибадат болмайды. “Жұмыс істеу ғибадат қой, намаз оқудың не керегі бар” деп айту – үлкен қателік. Бұлай айтқан адам кәпір болады. Намаз оқитын, харамдардан өзін аулақ ұстайтын адамның жақсы ниетпен жұмыс істеуі ғибадат болып табылады. (Кимя-и Саадат)