Жындар туралы

      Жынның бар екеніне күмән келтіру адамның мұсылмандықтан шығуына себеп болады. Яғни, жындардың бар екеніне сенбейтін адам мұсылман емес. Жындар ауа мен оттан жаратылған. Оттың жалыны көрінбейді. Құрамындағы қатты молекулалар ыстықта жалтырап көрінеді. Сол үшін де жындар көзге көрінбейді. Жалын екіге бөлінеді: зулмани және нурани. Екеуін де көзбен көру мүмкін емес. Зулмани жалыннан жындар, нурани жалыннан періштелер жаратылған. Топырақтан (әр түрлі элементтерден) жаратылған адамдағы элементтердің органикалық күйлерге енетіні сияқты, періштелер мен жындардағы оттың да түрі өзгеріп, кез-келген сипатқа ене алады.
 
     Жындардың да мұсылманы, кәпірлері бар. Періштелер мен жындар жаратылу тұрғысынан бір-біріне жақын. Періштелер қадірлі, ал жындар қадірсіз. Періштелерде жарық бөлігі, ал жындарда от бөлігі басым. Періштелердің жындарға жақындығы адамның жануарларға жақындығына ұқсайды. Адамзаттың ұлылары періштелерден қадірлі, жындар да жануарлардан қадірлі болып есептеледі. 
 
      Көне философтардың біразы және Қадарийа тобының (тағдырды адам жаратады деп сенетіндер) кейбір өкілдері жын мен шайтанға сенбеді. Осылайша, Ислам дінінен шықты.
 
     Құран Кәрімнің “Зарият” сүресінің 56-аятында: «Адамдар мен жындарды Мені танып, Маған құлшылық етулері үшін жараттым» деп айтылған. “әр-Рахман” сүресінің 74-аятында жындардың жұмаққа баратындығы туралы айтылады. Яғни, мұсылман жындар жаннатқа кіреді. “әр-Рахман” сүресінің 31-аятындағы «Сақаләйн» кәлимасы да «Ей, адамдар мен жындар» дегенді білдіреді. “Нас” және “Жин” сүрелері де жындардың бар екенін ашық түрде дәлелдеуде. Жынның бар екенін көрсететін аяттарды басқа мағынаға бұрмалайтындар Ислам дінінен шығады.