Біз салауатты өмір салтын қалаймыз

/upd/2016/0528/146443411857497dc6bc45c0.98824497.png

Салауатты өмір сүру үшін ерте тұру, қоршаған орта тазалығын сақтау, дене шынықтырумен айналысу, әрдайым денені таза ұстау, жалқау болмау керек. Темекі, алкогольдік өнімдер – денсаулыққа өте зиян. Сондықтан да балаларға темекі шегуді, жаман әдеттерді үйретуге болмайды. Адам ең алдымен тән тазалығын, жан тазалығын сақтауы тиіс. Көптеген адамдар семіздіктен немесе арықтықтан зардап шегеді. Салауатты өмір сүрудің басты кепілі – дұрыс тамақтану болғандықтан, тамақтану тәртібін құру өте маңызды. Балаларға қажетті витаминдерді қабылдау денеміздің қажеттіліктерін толтырады. Күнделікті дене жаттығуларын жасау - дененің ширақ болуына үлес қосып, жұмыс істеу қабілетін арттырады.

Ерте тұрып қимылдап,
Жаттығуды орындап,
Тазалықты сақтаймыз,
Бойға күшті жинаймыз.

Мөлдір Жауынгерова 8 жас
Астана қаласы