Туған жерді қадірлеп,
Қасиетін білейік!
Туып, өскен елімізде,
Бақытты өмір сүрейік!
Айдос Ертаев 9 жас
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылы
Суық жердің жылылығы бар
Қыс мезгілі еді. Мен ағаммен Астанаға келдім. Астана қаласы өте суық екен. Мен жаурап кеттім де ағама:
- Ағатай,бұл жердің жылылығы жоқ қой,қандай суық!
Ағам бұл сөзіме күліп:
- Сен де айтасың ау, қарындасым менің! Есіңде болсын Астана – қазақ елінің жүрегі. Яғни бұл жүрекке деген жылылық емес пе? Суық жердің де жылылығы бар, - деді. Осы оқиға менің мәңгі жүрегімде қалды.
Алуа Нұрқабекова 11 жас
Алматы қаласы
Туған жер
Туған жерім – кіндік қаным тамған жер,
Туған елім – үміт оты жанған жер.
Жүрегіме арман құсын қондырып,
Ата-баба мұрасы боп қалған жер.
Туған жерім, бұл дүниенің жұмағысың, ғажапсың!
Үлгі тұтар дана халқым қайсар ата-бабасын.
Батырларым, ашық аспан, бостандықты қалапсың,
Туған жерім көркейе берсін, мәңгі бақи жасасын!
Қаражанова Аида 12 жас
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті