Дінімізде әйелдердің орануы

      Мукәлләф болған, яғни ақыл есі дұрыс және балиғат жасына толған адамның намаз оқығанда ашуы немесе барлық кезде өзгеге көрсетуі және өзгенің қарауы харам болған жерлеріне “әурет жері” деп айтылады. Еркектің және әйелдің әурет жерлерін жабуы Құран кәрімде әмір етілді. Әурет жерін жабу, намазда да, намаз сыртында да фарз болып саналады.
 
      Ислам дінінде екі түрлі әйел киімі бар. Біріншісі еркін болған ислам әйелдері, жүздері және қолдарынан басқа барлық жерлерін толық жабады. Екіншісі күң әйелдер, яғни соғыстарда тұтқынға алынған қызметші әйелдердің киімі. Олар еркектердің жанында басын, шашын, мойынын, қолын және аяқтарын жабулары керек емес.
 
      Ахзап сүресі 59-шы аятында “Мұсылман әйелдер бүркеншікпен орансын!” деп бұйырылған. “Бұл аят екі бөліктен тұратын жамылғы киюді әмір еткен” деп айту дұрыс емес. Бұл аят жамылғы киюге бұйрық болғанында Расулуллаһтың “саллаллаһу та’ала алейһи уасаллам” және Сахабалардың “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” әйелдері жамылғы киер еді. Алайда ешбірінің жамылғы кигені туралы ешбір кітапта айтылмаған. Түрік тіліндегі Тибян тәпсірі мұны “бастарын орансын” деп тәпсір еткен. Мұсылман жас қыз және әйел жүзімен қолынан басқа бүкіл денесін жауып жүруі керек. Орамалы, пальто және плащы (пардесу) қарапайым болу керек, көз тартатын (ерекше) болмау керек.
 
      Аллаһтың әмірі болған орамалды жат әдеттей көріп ат тонын ала қашатындарды көреміз. Діндар Мұсылманға дінші, артта қалған (отсталый), дін фанаты деп те айтып жатады. Сақалдыларға шеңбер сақалды деп жатады.
      
       Құран кәрімде былай деп бұйырады: 
 
     “Ей Расулым, Иман еткендерге айт! Харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан қорғасын! Мұсылман әйелдер де әшекейлерін көрсетпесін, орамалдарымен жағаларына дейін орансын!” (Нур 31)
 
      Хадис шәрифте былай бұйырады: 
 
      “Әйелдің (жүзі және екі қолынан басқа) бүкіл денесі әурет.”
 
      Расулуллаһ, балдызы Хазрети Әсма жұқа киіммен келгенінде оған қарамады. Қасиетті жүзін бұрып “Ей Әсма! Бір қыз намаз оқитын жасқа келгенінде жүзімен қолдарынан басқа бүкіл денесін еркектерге көрсете алмайды” деп бұйырды. Еркекке бөтен әйелдің жүзі және алақанының ішімен сыртынан басқа барлық жеріне қарау төрт мәзхабта да харам. Әйелдер бөтен еркектерге тек жүзімен қолдарын ғана ашуы жайыз болғанымен, еркектердің мұсылман болсын, кәпір болсын, бөтен әйелдердің жүзіне және қолдарына шәхуәтпен (құмартып) қарауы жайыз емес /strong