Исламда оң жақтың маңызы өте жоғары. Бірнеше мысал келтірейік:
Хазреті Имам Науауи былай дейді:
1) Мүбәрәк, қасиетті және таза нәрселерді жасағанда оң жақтан бастайды. Бұл мүстаһаб болып табылады. Аяқ киім, киім киерде (жатарда, тұрарда), шашты қырғанда, мисуак қолданғанда, тырнақ алғанда, қол, аяқ жуғанда, мешітке кірерде, мұсылманның үйіне, бөлмесіне кірерде, әжетханадан шығарда, садақа берерде, тамақ жегенде, су ішкенде оңнан бастау керек. (яғни оң қолмен, оң аяқпен бастайды.)
2) Әрбір адамның оң иығында сауабын, сол иығында күнәсын жазатын періштелер болады.
3) Намазда алдымен оң жаққа, кейін сол жаққа сәлем беріледі.
4) Жақсылардың амал дәптері оң жағынан, жамандардың амал дәптері сол және арт жағынан беріледі.
5) Құран кәрімде амал дәптері оң жағынан берілгендер мақталып, сол жағынан берілгендер жамандалып жазылады.
«Амал дәптері оңынан берілгендер, қандай бақытты ол оңшылар! Жамандық жасағандарын белгілеу үшін амал дәптерлері сол жағынан берілгендер, қандай обал ол солшыларға!» (Уақиа 8,9)