Отан

/upd/2016/0526/14642563715746c773e73641.29977719.jpgОтаным менің тірегім,
Сол деп соғар жүрегім.
Отан – менің отбасым,
Оны ұмытпай жүремін.
 
Отанымды сыйлаймын,
Оны ештеңеге қимаймын.
Көлдей алтын берсе де,
Отанымды сатпаймын.
 
Отан – біздің анамыз,
Отансыз құр боп қаласыз.
Отан болса егер де,
Жалынды от боп жанамыз.
 
Отан деген байлық бар,
Ол байлықты сатпайық.
Қадірлейік оны біз,
Отанды мәңгі қорғайық!

Мадияр Мұхтарбекұлы
7- сынып оқушысы
Жамбыл облысы, 
Шақпақ ата ауылы