Өмірге азық ақ сүт берген балдай дәм,
Қуат болып кетер емес таңдайдан.
Көңілімнің көк жиегін кеңейткен,
Алақаның сипағанда маңдайдан.
Сүйем сені жаны дархан анашым,
Дүниеде теңдесі жоқ дара шың.
Ғұмырымның ұғымымның бастауы,
Күннің нұры, таңғы жұпар ауасың.
Өзің барда таңым күліп атады,
Сол арайдың мейірімі, шапағы.
Теңер едім жарық күнге әттең-ай,
Жарық күнде ұясына батады.
Теңеу бар ма әз анаға табылар,
Ана жайлы әркімнің өз әні бар.
Туған күнің құтты болсын анашым,
Сөзі шекер, мархаббатты жаны бал.
Сулейменова Айнур
Тараз қаласы