Өлім азабы өте ауыр болады

         Өлім азабы (ауруы) дүниедегі азаптардың бәрінен де ауыр болады. Бір кәпір ұйықтататын дәрі ішіп немесе наркозбен денесінің бәрін сезбейтіндей етіп өлсе де ауыр болған жан тапсыру азабын тартады. Бірақ салих мұсылман жаңбырдай жауған оқтың астында қалса да бұл азапты көрмейді. 
 
         Хадис шәрифтерде былай делінеді: 
 
       «Аллаһу та’алаға ант етіп айтамын өлім періштесін көрудің өзі мың қылыштың соққысынан да ауыр. Тағы ант етемін мұсылман құлдың әрбір тамыры өлім азабын сезбейінше жаны шықпайды.» (Әбу Нуаим)
 
         «Шәһид өлім азабын сезбейді.» (Байхаки)
 
         Өлім ауруы 70 рет қылышпен туралудан да артық. Бірақ Аллаһу та’ала сүйікті құлдарына бұл ауруды сездірмейді. Өлім азабы қабір азабының жанында түк емес. Қабір азабы болса, махшар алаңындағы азаптың қасында түк емес болады. Ал Жаһаннам азабының жанында махшардағы азап түк емес болып қалады. Салих мұсылман өлім азабын да, қабір азабын да, жаһаннам азабын да көрмейді. 
 
          Хадис шәрифте былай делінеді: 
 
      «Жақсы, жаман барлық адам (жаһаннам үстіне құрылған сырат көпірінен) өтеді. Тек мұсылмандар салқында, сау-саламатта болады. Ибраһим алейһиссаламға оттың салқын болып сезілгеніндей болады. Мұсылмандардың суығынан жаһаннам “мұсылманның нұры отымды сөндіріп жатыр” деп айғайлайды. Бұдан кейін Аллаһу та’ала тақуа иелерін құтқарады, ал залымдарды жаһаннамға беттерімен тастайды.» (Ибн Мажә)
 
        Салих мұсылман жан тапсыратын кезінде рахмет періштелерін көріп және расулуллаһ алейһиссаламды көріп жан тапсыру азабын сезбейді. Бұл таңқалатын нәрсе емес. Өйткені Мысыр әйелдері Юсуф алейһиссаламның әдемілігін көргендерінде қайран қалып, өздерін ұмытып қоятыны соншалықты қолдарын кесіп алғандарынан хабарлары болмайтын еді.