Анашым. Ана - біздің өмір. Өмір гүлі

/upd/2016/0523/146402028057432d389b1d63.45086901.jpgШашымды өріп тараған,
Боташым деп мақтаған.
Үлкен-кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Анашым менің анашым,
Өлеңге салып жазамын.
Анашымның өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.

Малика 9 жас
Екібастұз қаласы

Ана - біздің өмір 
Ана – біздің өмір,
Ана – біздің көңіл,
Ана – деген мереке,
Ана – біздің береке.
Анашым-менің құрметті,
Анашым-білімді құдіретті.
Анасыз мен өмірді
Бейнелей алмаймын суретті.

Оразбаева Феруза 11 жас
Шымкент қаласы

Өмір гүлі
Адамдар ойланбай, сандалатын.
Адамдықтың жамылып жалған атын.
"Көкек ана" көбейіп бара жатыр,
Тәлкегіне тағдырдың алданатын.
Шырылдаған дауысы баласының,
Жетпейді-ау бөлігіне санасының.
Ата-ананың жылуын сезбеген соң,
Ол бөбектің жазылмас жарасы мың.

Байсалбай Гүлсезім 14 жас
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Кәукей ауылы